Аймақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, облыс территориясы бойынша 2007 барлық деңгейдегі бюджеттерге 111,5 млрд теңге көлемінде немесе 103,8 % cалық және төлемдер түсті. "Республикалық бюджет жоспар бойынша 105,7% орындалды. Жергілікті бюджетке 41,1 млрд теңге түсті, бұл болжамданған түсімдердің 100,7% құрады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Әкімшілікте аталып өткеніндей, өткен жылы аймақта әлеуметтік саласының дамуы мен экономикалық тұрақтылық байқалды. Мәселен, жылдық аймақтық жалпы өнімі көлемі 10 % көтеріліп, жан басына шаққанда 621,3 мың теңгені құрады. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, тұрғындардың ақшалай табысы 28,2% -ға көтерілді, бірақ таза қолға түскені 18,1% құрады. Табыстың негізгі бөлігін еңбекақы құрайды. Оның мөлшері 24,6% өсіп, 44392,0 теңгені құрады. Жалпы еңбекақы көлемі 14,0% ұлғайтылды.
Әкімдікте хабарлағанындай, Облыстық Ұлттық банк бөлімшесінің мәліметтері бойынша, аймақтағы кәсіпорындар мен тұрғындар коммерциялық банктерден несиені жиі алатын болған. 2007 жылы алынған несие мөлшері 107,7 млрд теңгені құрады (2006 жылы бұл сан 38,5 млрд теңге болған)."Жалпы несиелік қоржынның 31% шағын және орташа бизнес иелерінің үлесінде", - деп атап өтті баспасөз қызметі.