Ертіс ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Надежда Полякова ауылдағы ең жас көп балалы ана, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Еліміздің демографиясының өсуіне өз үлесін қосып жатқан алтын құрсақты анаға Елбасының Жарлығымен тағайындалған «Күміс алқаны» аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев табыс еткен.
- Еліміздің өркендеп, дамуына өз үлесін қосатын ұрпақ өсіп жетілсін. Үлгі болар ұл-қыздарыңыз аман болып, тәуелсіз елімізді тамаша табыстармен қуантсын, - деп Жаңбырбай Сағынаев өз тілегін білдірді.