Павлодар облысында 4 оқушы сабақ үстінде есінен танып қалды

Балалардың не себепті құлағаны белгісіз. Орыс тілі сабағы өтіп жатқан кезде бір бала есінен танып қалған. Мен барған кезде құлап жатты.  Су әкеліп берген соң есін жинады. Біраздан соң бірінен соң бірі үш баланың жағдайы нашарлай бастады. Дереу Қалқаман ауылдық аймағынан жедел жәрдем шақырттық», – дейді өзінің аты-жөнін айтудан бас тартқан тәрбие ісінің меңгерушісі.

Ақсу қаласы ауруханасы стационары бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақытжамал Нұралдинованың айтуынша, кеше кешкі сағат жетіде төрт қыз бала жеткізілген. Олардың үшеуі  диагностикалық палатаға жатқызып, бақылауға алынған. Төртінші балаға «лакунарлы ангина» диагнозы қойылып,  жұқпалы  аурулар бөлімшесіне  орналастырылған. –  Барлық сараптама тапсырылып, ешбір ақау анықталмады.


Қазіргі таңда жағдайлары  жақсы. Бүгін үшеуі ауруханадан шығарылады.  Алдын ала “ысты газбен уланған” деген диагноз қойылған. Дегенмен бұл расталмады. Әрі қарай анықтай бастағанымызда от жағатын  қазандықтың мектептен тыс жеке ғимаратта орналасқаны белгілі болды. Сондықтан олардың ыстан улануы мүмкін емес, – дейді Бақытжамал Нұралдинова. Ақ желеңділердің айтуынша, бұл жағдай мектеп ішіндегі жанжалға байланысты орын алуы мүмкін.