Павлодар облысында 402 ауыл телефон байланысымен қамтамасыз етілді

Облыстық ақпараттандыру және байланыс басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде 50 тұрғыны бар 402 шағын және ірі елді-мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілді. Ал 15-45 тұрғыны бар 40 ауыл әзірге телефонсыз қалып отыр.

Мамандардың айтуынша, аймақтың жол тораптарына жақын орналасқан аудан және ауыл тұрғындарының басым көпшілігі ұялы байланыс телефонын пайдалануда.

"Ауыл тұрғындарын жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін, 2012 жылға дейін аймақта CDMA-450 стандартының негізінде ұлттық сымсыз байланыс желісі орнатылады ", - деді Павлодар облысының ақпараттандыру және байланыс басқармасындағылар

Әрбір базалық станция 600-1500 тұтынушыға қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, CDMA-450 шалғайда жатқан тұрғындарды әлемдік сапалы Интернет желісімен қамтамасыз етіп, оны тез қосу мүмкіндігіне ие болатына кепілдік береді.