Павлодар облысында 50 килограмм марихуана әкеле жатқан Әзербайжан азаматы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдіктіні ұстау іс-шарасын Павлодар облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасы жүзеге асырды. Шетел азаматы ВАЗ-2109 көлігімен аса ірі көлемдегі есірткі партиясын әкеле жатқанда ұсталды.