Павлодар облысында 9 ай ішінде 3 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылған

Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 1-қазанындағы жағдаймен қолданыстағы Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін 3010 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылған. Өткен жылдың осы кезеңінде заң бұзушылардың саны небәрі 1169 болатын. Полицейлер басқа елдердің азаматтарының арасындағы заң бұзушылықтардың өсуін мигранттардың жалпы санының өсуімен түсіндіреді.

2007 жылдың 1-қазанында аймақ аумағында басқа елдердің 57347 азаматы тіркелген. 2006 жылы осы кезеңде 50 мыңға жуық шетелдік тіркелген. Көші-қон полициясының мәліметтеріне сүйенсек, Павлодарға келген шетелдіктердің 90 пайызы жеке бастарының мақсатымен - туған-туыстары мен жақындарына қонаққа, ал басқалары (6 мыңға жуығы) - қызмет бабымен, жұмысқа немесе турист ретінде келгендер.

Тұрақты тұру негізінде аймаққа 4 мыңға жуық адам келген, соның ішінде 285 алыс шетелдерден келгендер, 3383 ТМД азаматтары және 203 азаматтығы жоқ тұлғалар - аталмыш тұлғаларда Қазақстан Республикасында тұру туралы куәліктері бар.

Көші-қон полицйелерінің айтуынша, аймақтағы сот шешімімінен шетелге шығарылған шетелдіктердің саны 3 еседен асып түскен. 2007 жыдың 9 айында мұндайлардың саны 525 адамды құрап отыр, ал өткен жылы небәрі 146 болған. Мекемедегілер, мұндай заң бұзушылардың Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзіммен келетін құқықтары жоқ екедіктерін атап көрсетті.

Полицейлер оң беталысқа Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдап жатқан немесе тұрақты тұруға қалғандықтары туралы ұсыныс енгізген адамдар санының өсуін жатқызды. Мұндай тұлғалар саны 2007 жылдың 9 айында сәйкесінше 2532 және 906 адамды құраған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандардың 95 пайызға жуығы оралмандардың еншісінде. Мекеменің қарауында тағы 2403 шетелдікке республика азаматының паспортын беруге қатысты 612 материал жатыр, олардың 2318 оралмандар.

Облыстық статистикалық басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың қыркүйегінің басында Павлодар облысы тұрғындарының саны 745 800 адамды құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті