Өнімді тасу үшін қолда 2 600 жүк көлігі мен 5 мыңнан астам түрлі тиегіштер бар. Осы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 2 млрд. теңгеге 199 ауыл шаруашылық техникасын сатып алды.
Жиын барысында астық сақтау және оны кептіру қамбаларына да көңіл бөлінді. Жалпы, облыста 10 элеватор мен сыйымдығы 450,3 мың тонна болатын астық қамбасы бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астықтарын сақтауға арналған сыйымдылығы 692,2 мың тонна болатын 469 қойма бар.
Алдына ала жасалған болжамдар бойынша орташа есеппен облыста бір гектардан 10 центнер дәнді дақыл алу көзделсе, солтүстік өңірлерде бір гектардан 12-14 центнер алғалы отыр.
Өңірдегі егістік алқабы 854,8 мың гектар жерді алып жатса, оның 601 мың га - дәнді дақылдар алқабы, 171 мың га - майлы дақылдар, 103,3 мың га - жемшөп, 15 мың га картоп егілген.