Департаменттегілердің атап көрсетуінше, бүгін таңертең барлық аудандық әкімшіліктерге күн райының бұзылуы мүмкін екендігі туралы хабарламалар жіберілді. Синоптиктердің мәліметінше, 28 - 29 ақпанда өңір аумағында оңтүстік-батыс бағыттан жылдамдығы секундына 22, кей жерлерде 28 метрге жететін жел соғады. Сондай-ақ, қар жауып, боран соғады деп күтілуде.
Мамандардың пікірінше, бүгінгі жауған жаңбыр мен қар жолдардағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Сынап бағанасы төмендесе көктайғақ болмақ. Осы мақсатпен облыста 200 тонна көлемінде құм мен тұз қоспасынан қор түзілді.