Павлодар облысында астық түсімі қуаңшылық қаупіне ұрынуы мүмкін

"Облыста бір жарым айдан бері аптап ыстық басылмай тұр, жаңбыр мүлдем дерлік жауған жоқ, ал бұл егінге әсер етеді", - деді департамент төрағасының орынбасары Қайыртай Байтілесов. Маусым айындағы ауа температурасы 30 градус және одан жоғары деңгейде сақталуда.

Алдын-ала есеп бойынша қуаңшылық салдарынан бидай түсімінің 5% жуығы және майлы дақылдардың 30% шығынға ұшыраған. Биыл облыс дихандары 628 мың гектарға астық дақылдарын, 155 мың гектарға күнбағыс еккен.