Павлодар облысында ауа температурасы тағы да төмендеді

Бүгін таңертең аймақтың кеңістігінде 36 градус аяз тіркелді. Қатты үскірік аяздың салдарынан аймақтағы барлық мектептер, лицейлер мен колледждердің төменгі курстарында сабақтарды өткізуге тыйым салынды.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен ескерту хаты келіп түскеннен соң, біз облыс бойынша барлық 432 мектепте сабақтың жүргізілуіне тыйым салдық", - деп хабарлады облыстық білім беру департаментінің қызметкерлері. Сонымен қатар, лицейлер мен колледждердің төменгі курс оқушыларының дәрістері де өткізілмей, кейінге шегерілді.

"Мектептерден басқа біздерде интернаттар мен кәмелеттік жасқа толмағандардың жатақханалары бар. Олардың арасында да көп уақытқа ғимараттан шықпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жылу беру жүйесінің істен шығып қалу қаупінің алдын алу шаралары күшейтілді ", - деп атап өтті білім беру департаментіндегілер.

Қаңтар айының басынан бері Павлодар мектептеріндегі сабақтар төртінші рет өткізілмей отыр. Жедел қызметінің ақпараты бойынша, мұндай ауа райы аймақтың территориясында бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.