Павлодар облысында автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды

Полицияның мәліметіне сәйкес, апат 8 қарашада болған. "Қалалық №1 автобус паркіне қарасты "Мерседес" жолаушылар тасымалдайтын автобусы көліктің тізгінін басқа алмай үш жүргіншіні қағып кетті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Зардап шеккендер бір отбасының мүшелері болып шықты. Жол апаты салдарынан 60 жастағы зейнеткер жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Оның 38 жастағы қызы мен үш жасар немересі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы бір тәулікте күн райының бұзылуына байланысты облыстағы жолдарда апаттардың саны күрт ұлғайды. Бір тәулекте облыс аумағында автоинспекторлар 47 жол апатын тіркеді, олардың салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті