Павлодар облысында бес адам үсіп өлді

Павлодардағы №1 қалалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Марат Кенжалиннің айтуынша, осы бөлімге кейінгі кездері үсікпен 12 адам келіп түсті. Төрт науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Тағы бір кісі өлімі Ақсу өңіріндегі Қалқаман ауылында тіркелді. 60 жастағы ер адам ауыл сыртында үсіп өлген жерінен табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті