Павлодарда соңғы бір апта бойы ауаның температурасы 28-30 градус аязды көрсету салдарынан үсігендер саны көбейді.
Облыстық ІІБ-ның мәліметі бойынша, Екібастұз ауруханасында қол-аяғы үсіп қалған 28 жастағы әйел қайтыс болды. Ал Қашыр аудандық ауруханасында 71 жастағы кейуана үсіктен қаза тапты.
Сондай-ақ, облыстық ауруханаларда тағы да екі еркек үсіктен мерт болды, әзірге олардың аты-жөні анықталмай отыр.
2-қаңтарда Павлодардағы №1 ауруханаға Кенжекөл ауылының 70 жастағңы тұрғыны "ағзасы жаппай, ал қол-аяғы 2-3 дәрежелі үсікке шалдыққан" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол реанимацияда жатыр.