Павлодар облысында бір тұрғын 17 кг марихуана сату барысында ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Щідерті ауылында есірткі саудасымен күрес басқармасы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл шаралар барысында көшеде 17 кг марихуана сатып жүрген жерінен осы ауылдың 31 жастағы тұрғынын ұстады. "Оның үйіндегі тінту кезінде тағы да 82 кг марихуана табылып тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті