Апат салдарынан көліктің жолаушысы - 1950 жылы туған әйел алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші алған жарақаттардан кейінірек ауруханада көз жұмды. 1980 жылы туған екінші жолаушы жарақаттанды.
Осыған ұқсас жол апаты тоғызыншы қыркүйек күні Қалқаман-Баянауыл жолының бойында да орын алды. 1985 жылы туған «Audi-С4» жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылған. Апат салдарынынан 30 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тексерістер жүргізіліп жатыр.