Павлодар облысында бюджет қаржысына үй салған депутат ақшаны қайтармайтын болды

Бастапқыда 14 пәтерлі жеті үйді өзінің шаруа қожалығындағы жұмысшыларына арнап салған Серік Сүлейменов кейін оны 70 млн теңгеге әкімдікке сатып жіберген. Ал атқамінерлер мұнда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында болашағы жоқ ауылдардағы жұртты көшіріп әкелуі тиіс болған. Алайда, Шақат елді-мекеніне бірде-бір отбасы аяқ баспапты. Кейін айдаладағы 7 үйдің ауыл болмасын түсінген шенеуніктер депутаттан 70 млн теңгені қайтаруды талап еткен. Күрмеуі шешілмей келген бұл іске құзырлы органдар да араласқан болатын. Нысандардың құрылысынан еш кінәрат таппаған сот атқамінерлердің әрекетін орынсыз деп танып, іс депуттаттың пайдасына шешілді. Алайда шенеуніктер мұнымен шектелмек емес.

Ардақ Омаров, Павлодар ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі:

- Соңғы сот біздің пайдамызға шешілмеді. Алайда қаржыны қайтару үшін аяғына дейін баруға дайынбыз. Енді апелляциялық шағым түсіреміз.

Loading...