ТЖМ ақпараты бойынша, Павлодар облысында Лебяжье ауданында 31 наурызда 14 сағат 25 минутта жапан далада өрт өршіді. " 320 гектар жерге жайылған өрт жалыны 16 сағат 40 минутта ауыздықталды", деп хабарлады ТЖМ.
Өртті сөндіруге "Ертіс Орманы" МБ ТОР(мемлекеттік табиғат орман резерваты) Бесқарағай бөлімшесінің 15 қызметкері мен 5 арнайы техникасы қатыстырылды. ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі шақырылмады.