Павлодар облысында екі далалық өрт шықты; өрт аумағы 900 га жетті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақсу өңірі Құркөл ауылдық округінде 2-тамызда 9 сағат 50 минутта 560 га аумақта далалық өрт шықты. "Өрт 15 сағат 10 минутта сөндірілді, оны сөндіруге 17 адам мен 3 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұған қоса кеше Баянауыл ауданында 14сағат 45 минутта 320 га алқапта далалық өрт шықты. Өртті сөндіруге 36 адам мен 7 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті