Павлодар облысында екі жол апатынан бес адам мерт болып, жеті адам жараланды

Ақсу ауданында Павлодар-Екібастұз автожолында 11-шілде күні таңертең "ВАЗ-21099" автокөлігінің жүргізушісі "ГАЗ-31029" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "Волганың" жүргізушісі мен басқа да төрт жолаушы түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Тағы бір апат Павлодар маңында Майқапшағай-Омбы тас жолының 367-ші шақырымында болды. "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" жүк машинасымен соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен 3 және 13 жастағы екі бала оқиға орнында мерт болып, ішінде 2 жасар баласы бар тағы екі жолаушы ауруханаға түсті.