Көңілді Тапқырлар Клубының кубогы үшін өткен сайысқа Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің «Қарапайым жұмысшылар» командасы мен «Қазхром» Ұлттық компаниясының «Жаңа тұлғалар» командалары қатысты. Серов ферроқоспалар зауыты (Ресей) «Арнайы жоба» командасын, «Қазақстан Алюминий» АҚ «Жеңіл меттал» командасын, «ЕЭК» АҚ «Шығыс ұлтының адамдары» командаларын бәйгеге қосты.
Көңілді тапқырлардың әзілдері қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау тақырыбына арналды.
«Көңілді тапқырлар клубына қатысушылар - біздің үздік қызметкерлеріміз»,- деді «ЕЭК» АҚ-ның бас директоры Татьяна Носачева.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ЕЭК компаниясының «Шығыс ұлтының адамдары» командасы бас жүлдені алды. ENRC Кубогы үшін өнер көрсеткен барлық командалар жүлделерге ие болды.