Павлодар облысында Ертіс өзенінде тіркемелі Т-40 тракторының мұз астына түсіп кетуі салдарынан екі адам суға кетті

Павлодар облысында (Бесқарағай ауылы) Ертіс өзенінде 25 наурызда 16 сағат 35 минутта жағалаудан 40 метр жерде тіркемелі Т-40 тракторы мұз астына түсіп кетті, соның салдарынан екі адам суға кетті.

"Іздестіру жұмыстарын 26 наурызда судан құтқару қызметі жүргізеді", - деп хабарлайды ТЖМ.

Сонымен бірге, Атыраудағы Орал өзеніне 25 наурызда сағат 5-те бір ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары іздеп жатыр.