«Кішкентай баланың ата-анасы өзен ортасындағы аралға демалуға кеткен. Ол жерде ішімдік ішіп, ұйықтап қалған. Бір жасар бала өзенге дейін еңбектеп барып батып кеткен сыңайда», дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл оқиға туралы құтқарушыларға жексенбі күні сағат 13:00-де хабар келген. Он сүңгуір мен төрт құтқару қайығы баланы іздеуге кіріскен. Баланың денесі Павлодарское ауылында жағалаудан табылған.