Павлодар облысында героинді алып өтпек болғандың қулығы әшкереленді

Күдіктілер ауғанстандық героинді жол талғамайтын автокөліктің жүксалғышына жасырыпты. «Тауарды» өте мұқият жасырғаны сонша, иісшіл ит те іздеп таба алмаған. Олар осы бақандай 100 келіге жуық героин артқан көліктерімен 4 елдің шекарасын кесіп өтіп, Мәскеуге жеткізілуі керек болған екен. Героиннің қара нарықтағы құны 2 млрд теңгеден асады. Ресей мен қазақстандық құзырлы органдары бірлесіп өткізген арнайы іс шара кезінде қылмыскерлер Павлодар облысында қолға түсті.  

Loading...