Павлодар облысында голландтық раушан гүлдер өсірілмек

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

- Елбасының үлкен зауыттардың маңынан қосымша кіші кәсіпорындар ашу тапсырмасын орындау бойынша аймақта біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі – бірнеше күннің ішінде ресми түрде ашылғалы тұрған раушан гүлдер жылыжайы. 5 гектар жерде 7 млн дана голландтық хош иісті раушан гүлдер өсетін болады. Жылыжай Екібастұздың бірінші су электрстансасының жанында болғандықтан артық жылу энергиясы осы жерге беріледі.