Бүгін аты-жөндері белгілі болған грант иегерлеріне осы жөніндегі куәлік тапсыру рәсімі 12-қыркүйекте өтеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінде нақтылағанындай, жергілікті жоғары оқу орындарының бюджеттік тобына түсуге талпыныс жасап, тиісті мөлшерде балл жинай алмаған кедей отбасындағы талапкер балалар грантқа ие болды. Грант иегерлері Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті мен Семей медицина академиясының жергілікті филиалында оқитын болады.
2003-жылы облыста "Кедей отбасылардағы мың дарынды баланы Павлодардағы жергілікті жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі " бағдарлама қабылданған.
5 жылға межеленген бұл бағдарлама бойынша жыл сайын 200 бала грантқа ие болмақ. Бағдарлама құны 25 млн. теңгені құрайды.
Жоғары білім игерген барлық 1000 жас маман өз ауылдары мен қалаларына оралады деп күтілуде.