"Аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін түрмеде отырған жігіт колония аумағында бомба жармақ болған", деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Сот оны 233 бап (терроризм) бойынша кінәлі деп танып, оған тағы бес жыл қосты.
Енді ол алдында белгіленген 9 жылдың орнына түрмеде 14 жыл отыруға тиіс, ол тонаушылық және ұрлық жасағандығы үшін сотталған болатын.