Павлодар облысында көп жылдан бері алғаш рет арқарлар саны табиғи жолмен өсе бастады

Мамандардың күзгі есебіне сәйкес, Павлодар аумағында мекен ететін жабайы арқарлардың саны 18 процентке артты. "Бұл оқиға бізді қатты қуантып, болашаққа сеніммен қарауға септігін тигізді", дейді республикалық жануарлар әлемін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспектор Николай Руденко. "Ал бұған дейін аймақтағы Қызыл кітапқа енген жануарлардың саны үздіксіз азайып келе жатқан",- деді ол.

Н.Руденконың пікірінше, арқарлар санының артауына мемлекет тарапынан аңдарды қорғау бағытындағы бақылаудың күшейтіле түсуі мен олардың өсіміне жағдай жасау түрткі болған. Биыл күн райы ахуалының қолайлы болуы мен жемнің жеткілікті болуы да әсер етті.

Н.Руденконың айтуынша, былтыр Қазақстанда жойылып бара жатқан аша тұяқты жан-жануарлар мен ақбөкендерді қорғау жөніндегі 2007-жылға дейін есептелген арнаулы бағдарлама қабылданған. Жалпы жыл басынан бері бұл бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлінді, деді инспектор. Н.Руденконың айтуынша, "биыл үкіметтің тікелей қолдауымен бөлімшелерді жаңа көлік құралдары - жол талғамайтын "УАЗ" және "НИВА" автокөліктерімен, навигациялық жүйемен, жер серігі және радиобайланыспен, түнгі көру құралдарымен, сандық фото- және бейнеаппаратурамен жабдықтауға мүмкіндік туды. Қазір біздің инспекторларда табельдік қарулары бар, ал ең бастысы, өзімізге қарасты МИ-2 тікұшағымыз пайда болды",- деді ол.

"Охотзоопром" РМКК Солтүстік Қазақстандық филиалының құрамына Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы енеді. Н.Руденконың айтуынша, Қазақстанның осы бөлігінде Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 20-дан астам түрі бар. Олардың арасында арқарлар, ақбөкендер, жайрандар, ителгі, ақиық және дуадақ сынды сирек кездесетін аңдар бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті