Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, алдағы тәуліктерде аймақ аумағында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, қарлы бұрқасын болады деп күтілуде.
"Ауа райы бұдан әрі нашарлап, төтенше жағдай орын алу қауіптілігі туындаған жағдайда автокөлік үшін жолдарды жабу шаралары қарастырылатын болады", - деп хабарлады департаменттегілер. "Барлық арнайы техника жолдарды тез арада тазарту үшін дайын тұр", - деп атап көрсетті мекеме қызметкерлері.
Департаменттегілер облыстың мектептері мен коледждерінде сабақ тоқтатылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. "Шұғыл әрекет ету қызметтері халықтан өте сақ болуды өтініп отыр. Аса қажеттілік болмаса ашық аспан астында ұзақ уақыт болмау және елдімекендерден тыс алыс жолға шықпауды сұрап отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Ресейдің көршілес аймақтарында да ауа райының нашарлауы байқалып отыр. Атап айтқанда, кейбір облыстарда ауа температурасының минус 45 градус аязға дейін құлдырауы мүмкін екендігі хабарлануда.