Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілденің алтысына қараған түні Лебяжі ауданындағы алты жайылымда 700-ге жуық қой мен ешкі опат болған.
Сонымен қатар, Екібастұз ауданының Байет ауылында 500 бас ұсақ жандық қырылған.
"Малдың қырылуына күннің күрт суытуы мен қолайсыз ауа райы себеп болды деген болжам жасалып отыр. Себебі қырықтықтан шыққан қойлар мен ешкілердің əлі жүні өсіп үлгерген жоқ", - дейді ТЖ департаменті өкілі.