Павлодар облысында малдың індетке ұшырауы тіркелді, мал құтыру ауруына шалдыққан сыңайлы

"5-ақпан күні ауданның ветеринария бөлімінен түскен ақпаратқа қарағанда, үш село округінде мал құтыру ауруын жұқтырған секілді, сондай күдік бар" , деп хабарлады жұмада ТЖ облыстық департаментінен.

Алдын-ала ақпаратқа қарағанда, екі сиыр, бір жылқы және бір қой шығын болып отыр. Малдың басы тексерілу үшін Павлодарға облыстық ветеринарлық лабораторияға жөнелтілді.

Құтыру – жұқпалы вирустық ауру, ол мал мен адам бойында өзіне тән ерекше энцефалитті (бас мидың қабынуы) туғызуы ықтимал. Адам бұл аурудан әдетте өліп кетеді.