Павлодар облысында маусым айында инфляция 0,4 пайызды құрады

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Бағаның ең көп өсуі (1 пайыз) азық-түлік тауарларына тіркеліп отыр. Бұл топта сұйытылған газ бен дизель отынының бағасы 10,5 пайызға өссе, бензин 4,3 пайызға, цемент 3,4 пайызға қымбаттаған.

Ал азық-түлік тауарлары бағаларының индексі мамыр айының деңгейінде сақталған, тек қара құмық бағасы - 16, пайызға, тары - 13,1 пайызға, кондитер өнімдері 3,9 пайызға қымбаттаған. Есесіне жұмыртқа - 16,5 пайызға, көкөністер 5,8 пайызға арзандады.

Ақылы қызмет көрсетулер де 0,1 пайызға қымбаттап отыр. Атап айтқанда, жолақы тарифтері де өсті: трамвай жолақысы - 14,3 пайызға, пойыз жолақысы бағасы 3,9 пайызға көтерілді.