Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, заңсыз спирт сату дерегі Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық орта мектебінде анықталған. "Заңсыз бизнесті осы оқу орнының медбикесі жолға қойған",- дейді тәртіп сақшылары.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мектепте спиртті заттардың еркін сатылатындығы туралы құқық қорғау мекемелеріне ақпарат келіп түсуге байланысты тексеру жүргізілген. Оқиға орнына келген учаске инспекторы мектептің медбикесінің жұмыс бөлмесінен 8 литр спирт тапты. Белгілі болғанындай, 42 жастағы әйел спиртті Павлордардан әкеліп, оны мектептің асханасы арқылы сататын болған.
"Ұсталған әйел істеген ісін мойындады",- деп хабарлайды ІІД. Тәркіленген спирт химиялық сараптамаға жолданды. Медбикенің мектеп ғимаратында бір жылдан бері спирт сатып жүргені анықталды. "Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті