Павлодар облысында найзағай ұшқындары 5 орман өртінің себепкері болды

Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, ауа-райының қолайсыздығынан "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағынан шағын өрттердің тізбегі тіркелген. Атап айтқанда, өрт ошақтары Көкжал орман шаруашылығының 118, Көктерек орман шаруашылығының 93, Бесқарағай орман шаруашылығының 110, Байымбет орман шаруашылығының 89 және Садықащы орман шаруашылығының 47 ширектерінде табылған.

"Оқиғалардың барлығын дерлік әуе патрулінің көмегімен анықтаудың сәті түскен. Өрттер дер кезінде сөндірілді", - деп хабарлады мемлекеттік өрт сөндіру қызметі.