Павлодар облысында өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындар 100-ден аса студентке оқу гранттарын бөлді

Облыстық басқарма ақпаратына қарағанда, кәсіби мамандарды даярлау 28,1 мың адам оқитын 50 оқу орны жүзеге асырады. 74 мамандық бойынша екіжаөты оқыту жүйесі ненгізуге 40 өнеркәсіптік, 28 ауыл шаруашылық және облыстың қызмет көрсету саласының 13 кәсіпорны белсенді көмектесуде.

Келісім бойынша, кәсіпорындар 141 грант, 134 атаулы шәкіртақы бөліп, 1539 студентке ақылы түрде кәсіби тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін болды.

Атаулы стипендияның басым бөлігін № 19 мектептің 25 оқушысына Ақсу ферроқорытпа зауыты және Екібастұз колледжінің 10 оқушысына «Алып Көмір» көмір разрезі бөлді.


Облыстың аграрлық кәсіпорындары Қызыл армия аграрлық-техникалық колледжінде мамандар даярлау үшін 60 грант жариялады.