Павлодар облысында орақ науқаны аяқталды

Биылғы орташа түсім бір гектардан 7 центнерді құрады, ал өткен жылғы бұл көрсеткіш бір гектардан 13,5 центнерге жеткен еді. 2002-жылы облыста 630 мың тонна астық бастырылды. Н.Ахметовтың пайымдауынша, облыс ауылшаруашылығы үшін биылғы жыл былтырмен салыстырғанда тым қолайлы болған жоқ. 60 күнге созылған қуаңшылық салдарынан жалпы ауқымы 570 мың гектарды құрайтын егістік алқаптарының біраз бөлігі өртеніп кетті. Соған қарамастан, Н.Ахметовтың пікірінше, жиналған түсім облыс қажеттігін толыққанды қамтамасыз ете алады.

Облыс бойынша 7 қырманда астық қабылдануда. Астық құрамындағы клейковина мөлшеріне қарай сатып алу бағасы тоннасына 125-130 долларды құрап отыр. Ал өткен жылы сатып алу бағасы тоннасына 65-80 АҚШ долларын құраған .
Н.Ахметовтың айтуынша, биылғы астық бағасы облыстағы шаруашылықтарға тұқым себуге және астық жинауға жұмсаған шығындарды өтеп алуға толық мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы облыста аграрлық саланы қаржыландыруға 1,9 млрд. теңге жұмсау көзделіп отыр.