Мекеме ақпартына сәйкес, өрт "Ертіс орманы" мемлекеттік басқармасының Шалдай филиалында, Сейтен орман шаруашылығының бірнеше бөлігінде шыққан. Орман мен даланы қамтыған өрттің жалпы аумағы 1200 гектарды құрады. Соның салдарынан Есілбай ауылы зардап шегіп, 3 үй мен 15 шаруашылық жайлары өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, 120 адам басқа жаққа көшірілді.
Өртті сөндіруге 157 адам мен 40 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 37 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті