Павлодар облысында орманшылар "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өртпен күресуде

Орманшылардың айтуыларынша, өртті сөндіруге күннің ыстықтығы мен күшті жел кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан, өрт ошағын сөндірудің мүмкіндігі туған. Өртті толығымен сөндіру жұмыстары басталған.

Агенттік тілшісімен әңгіме барысында Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұловтың атап көрсеткеніндей, биыл бұрнағы жылдармен салыстырғанда өрт болу қаупі бар маусым басталғалы бері Шалдай орманында ірі өрт болып көрмепті.