Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының Розовка ауылында қамыстан салынған жай үйде үш адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады.
"Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.