Петропавлдағы "Наным үні" деп аталатын миссияға қарасты көлік еліміз аумағы арқылы салмағы 8 тоннадай қайырымдылық мақсаттағы жүктерді тасымалдап келе жатқан. Өрт салдарынан көлік пен жүктің түгі қалмай от құшағына оранды. Киім-кешек, аяқ киімдер мен жаңа жылға арналған базарлықтардан тұратын қайырымдылық жүктің өртенуінен келген шығын көлемі 2,5 млн. теңгені құрайды.
Павлодар облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес бөлімінің тергеу бөлімінен хабарлағанындай, өрттің шығуына жүктің ішіндегі химиялық заттардың өздігінен тұтануы әсер еткен сыңайлы.