Оқиға бүгін түнде 2 сағат 30 минутта Қашыр ауылында болған. "Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері "Толқын" кафесіне кешкі ас ішуге кірген кезде, оларға шабуыл жасалған", - деп түсіндіреді Қашыр АІІБ бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлмұқанов.
Оғиға салдарынан 27 жастағы өрт сөндіруші Қайырбек Мерманов - кеудесі мен арқасына қадалған көптеген пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 29 жастағы Юрий Сычков пен 35 жастағы Серікбай Әленов алған пышақ жарақаттарынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады аудандық полициядан.
Ю. Сычков қазір өте ауыр жағдайда, дәрігерлер оның денесінен 6 пышақ жарақатын анықтады, бұл ішкі органдарын да жарақаттауы мүмкін.
Қанат Әлмұқановтың хабарлауынша, бүгін таңертең аталмыш қылмысты жасауға күдікті деп танылған осы ауылдың үш тұрғыны - 27 жастағы Андрей Бубылин, 22 жастағы Дмитрий Колмогоров және 22 жастағы Павел Вовченколар құрықталды. "Павел Вовченко, барлық болжамдарға сай, шабуылды ұйымдастырушы болып табылады",- деп санайды полициядағылар.
Шабуыл жасау дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті