Павлодар облысында ортағасырлық әмірші мен айтулы батырдың қабірі табылды

"Қорым айтарлықтай жақсы жағдайда тұр. Біз қазір олардың жіті зерттеуге кірістік. Осы жұмыстарға бізбен бірлесе Ресей Ғылым академиясының Омбы бөлімшесінің ғалымдары да қатысуда", - деді Т. Смағұлов.

Ғалымдардың айтуынша, атақты әйелдің қабірінде алтын жіпті жібек маталардың қалдықтары мен әшекей бұйымдар табылды. Киімде пайдаланылған алтын ең жоғарғы сапалы сынамадан жасалған. "Әйелдің бас жағы Батысқа қаратылған. Бұл оның мұсылман болғандығына дәлел бола алады", - деп атап көрсетті археологтар.

"Ақкөл - Жайма мекенінің бірегейлігі соншалықты, мұнда бір аумақтан неолит, қола дәуірі, темір ғасыры, Алтын Орда, Жоңғар шапқыншылығы кезеңдерінің археологиялық ескерткіштерін табуға болады. Қимақ шеберлерінің ежелгі керамикасы мен безерлерінен жартастарға көптеген суреттер салынған. Енді жаңа қабір кешені ашылып жатыр", - деді археологтар.