Павлодар облысында Өзбекстанның 79 азаматы құтқарылды

«Өткен түнде, 23 қазанда, «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар жолдың 1341 шақырымында түнде Өзбекстан азаматтары мінген рейстік автобус сынып қалды. 79 жолаушы РФ Омбыдан Шымкентке бара жатқан», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері және адамдарды эвакуациялау үшін мектептің «Газель» көлігі келді.

Жолаушылар Достық ауылындағы мектепке орналастырылды.


Автобусты жөндеуге төрт адам қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.