Павлодар облысында Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты жинау науқаны үшін белгіленген бағамен дизельдік отын шығару шектелді

"Өңірдегі жанар-жағармай өнімдерін жеткізіп отырған негізгі оператор "Гелиос" компаниясы бұны Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты дайын өнімнің қорының шектелгендігімен байланыстырып отыр. Сондықтан, олар барлығын бірдей дизельдік отынмен толығымен қамтамасыз ете алмайды", - деді ауыл шаруашылық департаментінің жетекшісі. "Компания шілде айында бізге 1 200 тоннадан артық солярка бере алмайтындарын айтты", - деп түсіндірді Н. Әшімбетов.