Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 30 сәуірде болған. Сағат 22.10-да электржарақат алған қыз туралы ақпарат түскен. 8 минуттан кейін дәрігерлер келген.
2004 жылғы қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жағдайы ауыр. Қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Бүгін науқас Павлодардағы №1 аурухананың күйік бөліміне ауысады. Куәгерлердің сөзінше, қыз пойыз шатырына селфи жасау үшін шыққан", - деді ведомство өкілдері.