Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Ер адамның денесі көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы гараждан табылған.
Облыстық полиция департаменті полицейдің өлімін растады.
"Бұл оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімет берді ведомство.
Жергілікті БАҚ-та тәртіп сақшысының өз-өзіне қол жұмсағаны жазылған. Артында екі баласы қалған екен.