Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

Бұл туралы осы өңірдегі тілшіміз Қарлығаш Қасиетова хабарлады. Қайғылы оқиға аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимаратында орын алған. Полиция сержанты өзін қызметтік қарумен атты деген болжам бар. Алайда бұл ақпарат туралы Павлодар облысының ІІД қандай да бір мәлімдеме жасауға асықпай отыр. Есесіне Май ауданының әкімдігі ішкі істер бөлімінде бүгін түнде полиция қызметкерінің өзіне қол салғанын растап отыр. Қазір оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеуде. Кейбір мәліметтер мезгілсіз көз жұмған сержанттың өліміне отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкіндігін айтады, деп хабарлайды 
http://www.24.kz/kz
 сайты.