Павлодар облысында қалыңдығына кредит алдырып, ақшаны жымқырған жігіт іздестіріліп жатыр

Екібастұздың Ішкі істер басқармасына қыздардың сеніміне кіріп, оларды несие рәсімдеуге көндіріп, қаражат пен ұялы телефондарын ұрлап жүрген ер адам жайлы шағымдардың түскені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алданып қалған қыздардың бірі күдіктімен 2017 жылы желтоқсан айының соңынд әлеуметтік желілерде танысқан. Е р адам қыздың мекенжайын біліп, оған қонаққа барған. Кейінен қыздың ақшасы мен бағалы заттарын ұрлап, оқиға орнынан жасырынған", - деді ІІД өкілдері.

Күдікті екінші бір қызбен де әлеуметтік желілерде танысқан.


"Біраз уақыт өткен соң күдікті оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Үйлену тойын өткізу үшін несие алуға көндірген. Содан ер адам жасырынып кеткен. Оның қазіргі уақытта қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден және күдіктіден зардап шеккендерге мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: Екібастұздың ІІБ кезекші бөлімі 102, 8 (7187) 75-06-06 немесе WhatsApp +77077004056", - деді ІІД өкілдері.