Павлодар облысында қауіпті дерттен зардап шеккендер саны артты


Олардың біреуі қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жұқпалы дерке шалдыққан тағы екеуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Дәрігерлер тұрғындардың Сібір жарасына шалдыққанын клиникалық диагноз растағанын айтады. Науқастардың денесіндегі ашық жаралар қауіпті дерттің белгілерін көрсетеді. Бактериологиялық зерттеудің нәтижесі де белгілі болды. Яғни зерттеуге жіберілген еттен де аурудың қоздырғыштары табылған. Естеріңізге сала кетсек, маусымның 27-де Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында иесі ауру малды сойып, оның 117 келі етін аудан орталығындағы дәмханалардың біріне тапсырып жіберген. Алғашқы бетте ауру малдың етін тұтынған 25 адам анықталса, қазір олардың саны 50-ге жетіп отыр.