Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«2018 жылдың 21 қазанында Ақсу қаласында жаңа туған нәрестенің денесінің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция жаңа туған сәбидің анасын анықтады, деп атап өтті ІІД-де.
«Осы іс бойынша сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомство.