Аталмыш дерт түрлерінің көрсеткіші шектеулі шамадан асып жығылуға байланысты санитарлық дәрігерлер эпидемия ретінде тіркеу қажет деп ресми түрде мәлімдеп отыр. 28-қаңтар күнгі жағдаймен облыста тыныс жолының күрделі қабынуы дерті 24490 мәрте, соның ішінде тұмау 3959 мәрте тіркелді. "Тұмау" деген диагнозбен ауруханаларға 684 адам жатқызылса, олардың 62 проценті - балалар",- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының жұқпалы ауруларды қадағалау бөлімі.
Ал қызылша дерті облыстың 261 тұрғынынан анықталды. "Бұл сан да белгіленген эпидемиологиялық шектеулі көрсеткіштен жоғары",- дейді басқармадағылар. Қызылша дертінің белең алуына байланысты өңірде студент-түлектер мен жұмысшы жастарды жаппай егу шаралары жүргізілуде.
"Қазіргі жағдаймен қызылшаға қарсы вакцина 4 мыңдай адамға егілді",- деді дәрігерлер. 2005-жылы жалпы алғанда Павлодар облысында 15-25 жас аралығындағы 80 мың жасқа вакцина егіледі.